САУ ТП ГИС

Системы автоматизированного управления технологическими процессами САУ ТП ГИС

Тағайындама

Технологиялық параметрлерді автоматты түрде үздіксіз бақылау, қорғау қызметін жүзеге асыру, газдың үздіксіз тасымалдануын, тіркелуін, ГИС туралы ақпараттың архивтелуін қамтамасыз етуші ГИС – ның негізгі және көмекші жабдықтарын алыстан және автоматты басқару.

Құрамы

Жүйенің құрамына аумақтық бөлінген технологиялық нысандарды автоматтандыру үшін техникалық құралдар жинағы кіреді.

Неігізгі компоненттері болатындар:

  • ГИС технологиялық процесті бақылау және басқару
  • технологиялық процесті бақылау және басқару шкафы;
  • кранды алаңшаларды бақылау және басқару шкафы;
  • тазарту құрылғысын іске қосуды қабылдауды бақылау және басқару шкафы;
  • жұмыс станциясы (сервер + клиент);
  • орталық архивті сервер;
  • АРМ диспетчері (клиент).

Жүйенің құрамын Тапсырысшыдан алған техникалық тапсырмаға сәйкес өзгертуге болады.

ГИС ТҮ АБЖ орындайтын қызметтері

  • технологиялық параметрлер қадағаларынан ақпаратты автоматты түрде жинау;
  • аналогты көрсеткіштердің растығы, аналогты кіру сигналының деңгейі бойынша аналогты қадағалар тізбегінің бүтіндігін бақылау;
  • жұмыс режимдері, негізгі және көмекші жабдықтардың жағдайы және тиекті арматура ережесі туралы ақпаратты автоматты түрде жинау және өндеу;
  • Авария алдындағы және авариялық жағдайлардағы, технологиялық жабдықтардың жағдайының рұқсатсыз өзгеруінің, көрсеткіштердің технологиялық тағайындамадан тыс ауытқуы дабылдамаларын құру;
  • ГИС операторының АРМ дисплейі экранында немесе автоматика шкафының жедел панелінде (бақылау және басқару панелі) штаттан тыс жағдайлар туралы ақпарат пен дабылдаманың көрінуі;
  • ГИС тұтынушыларының сағаттық, тәуліктік, айлық және жылдық газ шығындарын жинақтап, газ шығынын өлшеу;
  • Байланыстың интерфейсті арналары арқылы АРМ операторының алыстағы және (немесе) жергілікті ақпаратымен алмасуы;
  • ГИС жағдайы, апаттық хабарламалар, АРМ операторындағы өткенді шолу тереңдігі 30 тәуліктен кем болмайтын нысанды басқару кезіндегі оператордың әрекеті туралы ақпаратты тіркеу, архивтеу, контроллерлік жабдықтағы авариялық архивті жүргізу;
  • Атқарушы механизмдерді басқару алгоритмдерін автоматты түрде жүзеге асыру;
  • Тиекті арматураны және жедел панелі және АРМ операторы бар басқа технологиялық нысандарды алыстан жұмыс регламентіне байланысты басқару;
  • Басқарудың жоғары деңгейіндегі бас тарту дабылдамасы бар аппаратураның жөндемділігін бақылау.
 
 

ГИС ТҮ АБЖ конфигурациясы нақты жобаны ерекшеліктерін және Тапсырысшының сауалнама парағында берілген мәліметтерді ескере отырып айқындалады.

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!