Газреттегіш шкафты пункттер (ГРПШ)

Газреттегіш шкафты пункттер (ГРПШ)

ТАҒАЙЫНДАМА

Газреттегіш шкафты пункттер ШРП (ГРПШ) ГОСТ 5542 бойынша табиғи газдың қысымын жоғарғы және орташа қысымнан талап етілгенге дейін тұжыру, сонымен қатар оны берілген мөлшерде автоматты түрде ұстау, газды механикалық қоспалардан тазарту, шығу қысымының апаттық көтерілуі немесе төмендеуі кезінде автоматты түрде ажырату үшін арналған. Пункттер газ шығынының коммерциялық және технологиялық есебін қамтамасыз етуші, температура мен қысымды түзете алатын газ шығынын өлшеу кешенімен жабдықталған болуы мүмкін.

Пайдалану шарттары

ГШП қоңыржай (У, N) және қоныржай-салқын климатты (УХЛ, NF), сондай-ақ салқын климатты (ХЛ,F) аудандарда пайдалану үшін арналған.

Қолданылатын жабдықтың Тапсырысшымен келісімі бойынша, климаттық орындалуына байланысты, ГШП әр келкі түрдегі қыздырғыштары бар қымталған шкафтар түрінде жеткізіліп беруі мүмкін:

  • Газбен қыздыру (автоматты газбенжағыш құрылғысымен);
  • Жарылыстан қорғалған электр қыздырғыш;
  • Су қыздырғышы (сырттан жылутасығыш келтіру).

ГШП – ке келесі жабдықтар орналасады:

Тиекті арматура, әр түрді газ сүзгілері, қорғаныстың екі сатысы бар,газ қысымын реттегіштер, газ шығыныны өлшеу кешендері, манометрлер, қысым алмасу индикаторлары, сақтандырғыш қашыртқы клапандар және климаттық факторлардың зиянды әсерлерінен және рұқсатсыз кіруден қорғаушы металл шкафта орналасқан басқа да жабдықтар.

 

Похожая продукция:

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!