Газды автоматты одоризациялау блогы (ГАОБ)

Газды автоматты одоризациялау блогы (ГАОБ)

ТУ 3689-002-55402257-2009
Пайдалануға рұқсат № РРС 00-35424

ГАОБ тағайындамасы

Газды автоматты одоризациялау блогы ГАОБ табиғи газды тұтынушыға автоматты, жартылай автоматты және қол режимінде берер алдында, газдың ағынына берілетін одоранттың (этилмеркаптанның C2H5SH) санын есептеу және мөлшерлі берілуі үшін арналған.

"БатысМұнайГазЖабдықтары" ЖШС дәнекерлеу мен қорғаныш жабындарын жағудың заманауи технологиялық стандарттарын қолдана отырып, газды автоматты одоризациялау блоктарын құрастыру жұмыстарын жүзеге асырады.

 

ГАОБ пайдалану шарты

Газды автоматты одоризациялау блоктары ГАОБ қоңыржай және қоңыржай салқын климатты, сондай-ақ, салқын климатты (ХЛ, F) макроклиматтық аудандарда пайдалану үшін арналған. .

 

ГАОБ

      Келесі негізгі элементтерден тұрады:

Блок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

  1. Тұтыну ыдысы
  2. Деңгей өлшеу және одоранттың берілуін реттеу торабы:
    • Деңгей қадағасы
    • Мөлшерлеуіш электрмагнитті клапан
    • Құюшы электрмагнитті клапан
  3. Өлшеуіш сызғышы бар деңгей көрсеткіші
  4. СУ-60 деңгей сигнализаторы
  5. газ эжектор
  6. манометрлер
  7. газ редукторы
  8. одорантты мөлшерлеу торабының байлам арматурасы
  9. БУ-103 басқару блогы

ГАОБ -х режимде: автоматты, жартылай автоматты және қол режимінде жұмыс жасайды. Опараторлар бөлмесінде орналасқан БУ-103М (бұдан әрі - мәтін бойынша БУ) басқару блогы арқылы басқарылады.

Одоризаторды басқару блогы көрсетеді:

  • одоранттың ағымдағы шығыны, г/час
  • одоранттың ағымдағы тәуліктік және алдыңғы тәуліктік шығыны, кг/тәул.
  • одоранттың ағымдағы айлық және алдағы айлық шығыны, кг/айы

Одоранттың нақты тығыздығын қолмен енгізу де қарастырылған.

БУ одоризатор жабдығының жағдайына тұрақты түрде бақылау жасау және нормадан ауытқу анықталған жағдайда, жоғарғы деңгейге «Газ одоризаторының жөндемсіздігі» сигналын береді. Сигнал түрі «Құрғақ контакт».

 

 

ГАОБ автоматты жұмыс режимі

Газ шығынының мәнін автоматты орнатушы мөлшерлеуіш клапан арқылы автоматты мөлшерлеу режимі келесі кейіпте жүзеге асырылады - автоматтық режимдегі газ шығыны туралы сигнал БУ -ға үш нұсқада берілуі мүмкін:

1.Диапазоны 4 -тен 20 мА дейінгі мен ток сигналы түрінде. ГТС-ның минимальды өнімділігі 4 мА БУ икемдеуіне сәйкес келеді, ГТС өнімділігінің атаулы (максимальды) мәні - 20 мА БУ икемдеу. Өндіруші әрбір нақты ГТС өнімділігінің минимальды және атаулы мәнін БУ жадына енгізеді
2.«MODBUS» арнасы бойынша газ шығынының тікелей мәні түрінде
3. Бір импульске сәйкес келетін, газ шығынының мәнін орнатушы шығын өлшеуіштен импульсті сигнал түрінде.

Жартылай автоматты жұмыс режимі

Мөлшерлеудің жартылай автоматты режимі газ шығынын қолмен орнатушы мөлшерлеуіш клапан арқылы болады. Бұл режимде одорант көлемін анықтау үшін газ шығынының мәнін оператор қолмен қояды. Оператор газ шығынын өлшейтін сыртқы құрылғыда газ шығынының ағымдағы мәнін (Q расх.) анықтайды және клавиатураның көмегімен осы мәнді БУ-ға енгізеді. («Қол режимінің шығыны» функциясы. жұмыс мәзірі). Негізгі сигналдың шамасы бойынша көлемдік өнімділік және электромагнитті мөлшерлеуіш клапанның қосылу жиілігі құрылады. ЭМК минимальді қосылу аралығы БУ жадына енгізілген ГТС газ бойынша максимальды өнімділігіне сәйкес келеді.

Қол жұмысы режимі

Мөлшерлеудің қол режимін реттеуші кран арқылы икемдейді. Бұл режим резервті болып келеді және мөлшерлеудің автоматтық жүйесі тоқтап қалған кезде пайдаланылады.




 

Орындалу нұсқалары:

Шкаф түрінде

 

  • пайдаланудың климаттық зонасына байланысты, шкаф түрінде жасалғандардың келесі нұсқалары қарастырылған:
  • қыздырғышсыз;
  • қымталған, қыздырғышпен, ішкі қуат көздерінен су қыздырғышы негізінде немесе жарылыстан қорғалған электр жылытқышымен.

 

Блок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыБлок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыБлок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Шкаф түрінде жасалған газды одоризациялау блогы жарылыстан қорғалып жасалған ішкі шырағданмен,сондай-ақ газдану қадағасы мен күзет- мүмкін өрт сигналымен жиынтықталуы мүмкін.,

Блокты орындауда күзет-өрт дабылдамасы қондырғысы, мәжбүрлі автоматты желдеткіш, газдалғандықты бақылау қадағалары қарастырылған. Блок ішкі қуат көздер арқылы сумен немесе жарылыстан қорғалып, электрмен жылытылады.

Техникалық сипаттама

1 Жұмыс қысымы, МПа (кгс/см2) 0,3-1,2 (3-12)
2 Одоризацияланған газ бойынша өнімділік диапазоны, нм3/час 50 200.000 аса
3 Газ шығыны туралы сигнал түрі импульсті
4-20 мА
Modbus RTU
4 Тұтыну ыдысының геометриялық көлемі, литр (орындалуына байланысты) 84,2 173,2 251,7 500
5 Одоранттың атаулы шығыны, г/мың. нм3 газа 16
6 Мөлшерлеу дәлдігі, %, аспайды. 5
7 Қуат беру кернеуі, В 24
8 Тұтынылатын қуат, Вт, аспайды. * 45 60
9 Габариттік өлшемдері, мм **
- биіктігі
- ені
- тереңдігі

2750
1600
1000

2750
1600
1200

2850
2000
1600

2850
2400
1600

10 Масса, кг., аспайды 800 1100 1500 1800

*  Эл. жылыту және жарық берусіз.
** 10-нан 50000 нм3/час дейінгі қолдану диапазонымен, қымталған эл. қыздырғышымен орындалу үшін.

 

100 мың. нм3/сағ. аспай одоризацияланатын газ өнімділігіне газды автоматты одоризациялау блоктары
жеке тапсырыстар бойынша сауалнама парақтары негізінде дайындалады

Жұмыс үлгілері

Блок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

АГТС - 55/2 құрамындағы ГАОБ. Байсерке а.

Блок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

АГРС - 100/2 құрамындағы ГАОБ, Түркістан қ., ҚР

Блок автоматической одоризации газа БАОГ серии Голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

АГРС - 150/2 құрамындағы ГАОБ, Алматы қ., ҚР

 

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!