"Голубое пламя" газ таратушы станциялар

Автоматтандырылған газ тарату станцияларының тағайындамасы.

АГТС - табиғи, ілеспе газдың жоғары қысымын берілген төменгі қысымға дейін түсіру үшін және оны қажетті дәлдікпен ұстау үшін, сонымен қатар, газды елді мекендерге, өнеркәсіптік кәсіпорындарға және басқа тұтынушыларға берер алдында оны қыздыру, тазарту, газ шығынын өлшеу және одоризациялау үшін арналған.
Автоматтандырылған газ тарату станциялары пайдалануға сенімді, негізгі технологиялық үдерістердің қажетті резервтері, ГТС-ның заманауи автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) бар.

АГТС — монтаждауға, орнатуға және іске қосу – бабына келтіруге аз шығынданып және уақыт үнемдей отырып, ескірген ГТС ауыстыруға және газбен қамтушы жаңа нысандардың құрылысын жүргізуге мүмкіндік беретін жоғары технологиялық бұйым.
Бұйымның модульдік үлгілері пайдаланушы ұйымдар мамандарының ескертулері мен ұсыныс – қалауларын тұрақты түрде саралау негізінде тұрақты түрде жаңғыртылып тұрады.
АГТС – ның блокты-модульді құрылысы Тапсырысшының жиынтықтау және орындау жөніндегі талаптарын барынша ескеруге мүмкіндік береді.

автоматизированные газораспределительные станции, агрс, грс, голубое пламя, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Автоматтандырылған газ тарату станцияларының орындалуы

Станция зауыттың толық дайындығымен, блокты-кешенді түрде жеткізіліп берілгендіктен монтаждау және іске қосу бабына келтіру жұмыстарын жүргізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Барлық жабдықтар 9 баллдық сейсмикалық жүктемелерге төзімді және ІІ санатты отқа төзімділігі бар, қалыпты және солтүстік орындаудағы блок- контейнерлерде орналасады. Блок-контейнерлер құрастырма қаңқа түріндегі көтергіш металл жақтауда жасалынған. Шатыры мен қабырғалары ортасына жылуоқшаулағыш материал салып сыртқы және ішкі жағынан металл табақтармен (профлист не металлосайдинг) қапталған; табиғи ағынды – сорғылы және газдану қадағасы іске қосылған кезде жұмыс жасайтын апаттық желдеткіші, сонымен қатар, рұқсатсыз өту дабылы бар.

Блок-контейнерлер газ қыздыру блогы ішінде орналасқан қазандардан жылу алатын радиаторлармен жылытылады. Блок-контейнерлердің габариттері оларды темір жол, автомобиль, өзен және теңіз көліктерімен тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Автоматизированная газораспределительная станция, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыАвтоматизированная газораспределительная станция, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

«БатысМұнайГазЖабдықтары» техникалық тапсырмаға сәйкес, өнімділігі әр түрлі АГТС дайындайды және жеткізіп береді.

АГТС атқарымдары:

  • конденсат автоматты түрде лақтыра отырып, газды тамшылы сұйықтықтардан және механикалық қоспалардан тазарту;
  • тұжыру алдында газды қыздыру және құрылғы жұмысының сенімділігін жақсарту үшін берілген температураны автоматты түрде ұстау;
  • жоғары қысымды газды көрсетілген төменгіге дейін тұжыру және кіріс қысымы немесе газ шығыны өзгерген кезде оны берілген дәлдікпен ұстау;
  • көп тәулікті мәліметтері тіркелген және газ таратушы ұйымның деңгейіне ақпарат беруші газ шығынын өлшеу;
  • газды одоризациялау;
  • станцияның технологиялық жабдықтарының жұмыс тәртібін автоматты басқару, соның ішінде, газ таратушы ұйымның талаптары бойынша газ жеткізіп беруді шектеу;
  • апаттық жағдайларда, сондай-ақ диспетчер немесе оператор пультіне белгі беру жұмысы бұзылған кезде дыбыстық және көріністі хабар беру;
  • конденсат жинау ыдысынан конденсатты жою, жер асты ыдысынан одоризациялау блогына одорантты сығу, станция тораптарын азотпен үрлеу;
  • дербес электрқорегі (с.і. бензо-генератордан резервті электрқуаты, трансформатор арқылы ЭТЖ-ден резервтік қуат алу);
  • станцияның барлық блок-контейнерлерінен сумен жылыту;
  • өз қажеттіліктеріне газ беру.

АГТС келесі тораптар мен блоктардан тұрады:

Ауыстырып қосу блогы (торап)

Автоматизированная газораспределительная станция, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыАвтоматизированная газораспределительная станция, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Қамтамасыз етеді:

  • бұрма-газ құбырынан және шығар газ құбырларынан ГТС-н ажырату;
  • жоғарғы қысымды газ ағынының бағытын айналма желіге өзгерту;

Айналма желі қол немесе басқарылатын кранмен және қол және электржетегі бар сыналы ысырмамен (газ жүрісі бойынша) жабдықталады. Айналма желідегі газдың берілуі қол режимінде де, ГТС АБЖ көмегімен автоматты түрде болуы мүмкін;

  • тұтынушыға газ беру желілеріндегі қысымның көтерілуінен тұтынушыны қорғау.

Тұтынушыны газ қысымының жоғарылауынан құрамына жұмысшы және резервтік клапандары, ауыстырып қосушы құрылғы (үш жүрісті кран), сонымен қатар,білтеге газ лақтыру желісі кіретін қорғауды қашыртқы сақтандырғыш клапандар торабы қамтамасыз етеді.

Ауыстырып қосу блогында келесі технологиялық құрылғылар орналасқан:

  • ауыстырып қосу торабы;
  • сақтандырғыш клапандар торабы;
  • айналма (байпасты) желі;
  • пневможетегі бар крандарға импульсті газ дайындаушы сүзгі – құрғатқыштар торабы;
  • азотты технологиялар құрылғысы;
  • қысым және температура қадағалары;
  • көрсеткіш манометрлер;
  • кіру және шығу құбырларындағы оқшаулағыш ендірмелер.

Ауыстырып қосу блогы кіру және шығу құбырларындағы пневмобасқарушы крандардан және білтеге газ лақтыратын пневмобасқарушы крандардан тұрады.

Технологиялық блок (торап)

Технологиялық блокта орналасқан:

Жоғарғы деңгейге қол жеткізген кезде, конденсат жинау ыдысына тазарту өнімдерін автоматты түрде лақтыратын ортақ жинақтауышымен жұмысшы және резервтік фильтрі бар газ тазарту торабы. Фильтрлердің ластану деңгейі қысым алмасу қадағасымен анықталады. Газды механикалық қоспалар мен тамшылы ылғалдан тазарту үшін ФС түріндегі газ тазарту фильтрлері және өзімізде өндірілген ПЦТ (циклон түріндегі шаңтұтқыш) ретінде пайдаланылады;

пылеуловитель циклонного типа, производитель БатысМунайГазЖабдыктары фильтр-сепаратор, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Газ шығынын есептеу торабы. Тораптың өлшеу әдісі мен конфигурациясына қарай, әр түрлі құрамдастары қолданылуы мүмкін: БСУ, турбинді, құйынды, ультрадыбысты немесе ротациялық есептеуіштер. Газ шығынын есептеу жоғарғы жақ бойынша (тұжыруға дейін) да, төменгі жақ (тұжырудан кейін) бойынша да жүргізіледі;

Узел учета расхода газа, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Тұжыру торабының , әрқайсысы 100% өнімділігі бар, екі тұжыру желісі (негізгі және резервті) бар. Қажет болған кезде тұжыру блогындағы газ шығынын шектеу үшін электржетегі бар кран-реттеуіш немесе тұтынушының газ шығынын алыстан шектеу (пайдаланушы ұйымның диспетчерлік басқару пункті) мүмкіндігі бар реттеуіш орнатылады. Тұжырудың әр желісінде реттеуіштердің бірі – жұмысшы, ал екіншісі – қорғаушы болып келеді. Қолданылатын қысым реттеуіштері кірудегі қысымның ауытқуына және тұтынушының газ шығынына қарамастан, автоматты түрде ±5% дәлдікпен қысымды ұстап тұрады. Жұмыс шамаларының рұқсат етілген шектеулерден ауытқып кеткен кезде, тұжырудың резервтік желісі жұмысқа автоматты түрде қосылады. включается в работу. Тұжыру желісінде қажет болған жағдайда, АГТС пайдаланудың бастапқы кезеңіндегі жұмыс үшін кіші шығындар желісі қарастырады.

Узел редуцирования, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыУзел редуцирования, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыУзел редуцирования, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Газ қыздыру блогы (торабы) АГТС-ның шығуынан тұжыру желісіне түсетін газдың температурын +5°С…+10°С қыздырады. Этиленгликольдің су ерітіндісі жылутасығыш болып табылады. Жылуалмастырғышқа кіруі мен шығу тұсында жылутасығыштың сулы қаптамасында газдың жарып өтуі жағдайында, жылутасығышты алып келу жүйесін қысым көтерілуден қорғайтын, жылуалмастырғыштың сақтандырғыш кесу клапандары орнатылған.

Блок узел подогрева газа, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыБлок узел подогрева газа, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыБлок узел подогрева газа, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Өз қажеттілігіне тұжыру торабы (газ қыздырғыш, жылыту қазандығы, оператор үйі) қолжетімді жерде орналасуға болады. Зауыт өндімділігі түрлі-түрлі газреттегіш қондырғылар (ГРҚ) жасап шығарады. ГРҚ шығуындағы газ қысымы 2-2,5 кПа. құрайды. Табиғи газ бен атмосфералық ауаның тікелей байланысын болдырмау үшін «Голубое пламя» АГТС-нда жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде АГТС құбырларын азотпен үрлеу мүмкіндігі қарастырылған. Технологиялық желілерді үрлейтін азот технологиясының тораптары ауыстырып қосу блогында және технологиялық блоктарда орналасуы мүмкін.

Қамтамасыз етеді:

  • Станцияның технологиялық жабдықтары жұмысының тәртібін автоматты басқару;
  • Басқару, өлшеу және дабылдама қызметтерін жүзеге асыру;
  • автоматиканың жергілікті жүйелері арасындағы әрекеттестікті үйлестіру;
  • өрт кезіндегі авариялық қорғау;
  • шығу қысымы көтерілген кездегі авариялық қорғау;
  • атаулы мәнге қатысты алғанда газды одоризациялау деңгейі көтерілген немесе төмендеген кездегі авариялық қорғау;
  • АГРС –ның жұмыс тәртібі бұзылған кездегі пайдаланушы ұйымның операторы мен диспетчеріне авариялық дабыл беру.

ГТС АБЖ телемеханика каналы бойынша пайдаланушы ұйымның диспетчерлік пунктімен мәлімет алмастыруды жүзеге асырады. Телемеханика жүйесіндегі ГТС АБЖ бірігу тәсілін таңдау Тапсырысшының техникалық шарттары бойынша АГТС жобалау кезеңінде жүзеге асырылады.

САУ ГРС, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыСАУ ГРС, производитель БатысМунайГазЖабдыктарыСАУ ГРС, производитель БатысМунайГазЖабдыктары

Пайдалану шарты

АГТС қоңыржай және қоңыржай-салқын (УХЛ, NF), салқын климатты (ХЛ, F). аудандарда пайдалануға арналған. АГТС-ның климаттық орындалуын ГОСТ 15150-69 талаптарына сәйкес,құрылыс жүргізілетін ауданға қарай таңдалады. АГТС сейсмикалық қауіптілігі ҚНмЕ П-7-81 бойынша 8 баллға дейінгі аудандарда пайдалануға болады. ҚНмЕ 2.01.07-85 бойынша есепті қар жүктемесі (200кгс/м2) V аумақтық аудан талаптарына, ал жел жүктемесі (85кгс/м2) - VII аумақтық аудан талаптарына сәйкес келеді.

 

Похожая продукция:

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!