Тел.: +7 (7112) 51-36-88, 50-79-09,
+7 771 014 92 92
E-mail: info@agrs.kz
Мұнайгаз кешенінің, газ тарату және газ тұтыну желілерінің қауіпті өндірістік нысандары.
Сақтандырғыш - тиекті клапандар КОП бақыланушы газ қысымының берілген шектеуден шығып төмендеуі немесе жоғарылауы кезінде тұтынушыларға жемір емес көмірсутекті газдардың берілуін автоматты түрде тоқтату үшін арналған.
Атаулы қысым PN 10,0 МПа. Климаттық орындалуы – ГОСТ 15150-69 сәйкес УХЛ санаты 2
Клапандар атқарушы органдар ретінде қолданылатын РД-ПС, РД-ДС пилоттық реттегіштерден және атаулы диаметрі 25-тен 200 мм. дейінгі поршень түріндегі клапандардан тұрады.
Клапандар газ қысымын реттегіш алдындағы газ құбырына орнатылады, бұл жағдайда импульсті газ РД-ДС пилоттық реттегішке клапан алдынан, ал РД-ПС-те газ қысымын реттегіштен кейін алынады. Газ қысымы төмендеген жағдайда, РД-ДС пилоттық реттегіші КГП поршеніне басқарушы қысым береді және ол жабылып қалады. Қысым рұқсат етілгеннен жоғары көтерілген жағдайда, газ қысымын реттегіштен кейін РД-ПС пилоты КГП поршеніне басқарушы қысым береді және ол жабылып қалады.