Тағайындама
Блокты-модульді компрессорлық станциялар ауаны, табиғи газды, ілеспе мұнай газын сығу үшін, одан әрі қайта өңдеу, тасымалдау және қолдану мақсатында пайдалану орнынан жарылысқа қауіпсіз газ қоспасын (сығылған және кептірілген ауа) атмосфералық ауадан алу үшін арналған. Станцияның жұмыс кестесі – тәулік бойы.
Станцияны қолдану аясы:
- станция табиғи газды келесі операцияларға дайындайды:
- тасымалдау, сақтау, қайта өңдеу, құрамдарына бөлу үшін талап етілетін газ қысымын жасау
- газотурбиналық станцияға газ беру;
- газпоршеньді электргенераторға газ беру;
- ұңғымаға жоғары қысымды ілеспе мұнай газын айдау арқылы жер қабатының мұнайберуін көтеру ;
- сығылған ауадан газ тәрізді азот алу үшін.
- Станциялар осындай және басқа міндеттерді шешу үшін мынадай нысандарда қолданылады:
- шығуда аз қысымды газ бар ұңғымалар;
- сол қабатпен жұмыс жасаушылармен салыстырғанда аз дебитті ұңғымалар;
- қабат ішіндегі қысым сақталған кездегі пайдалану процессінде дебитті күрт төмендетуші ұңғымалар;
- кенжар аймағын бұрғылау не күрделі жөндеу кезінде саздалған ұңғымалар;
- бұрғылаудан соң, күрделі және жерасты жөндеуден соң, ұзақ тұрып қалушы ұңғымалар;
- құбырларды тазарту, үрлеу және сығу үшін, ұңғымалардың технологиялық операциясы кезінде, пневмоаспап жетегі үшін және басқа үдерістерде.
Орындау
Блокты-модульді компрессорлық станция орнатылған электрарматурасы мен станцияның тіршілігін қамтамасыз ету элементтері бар, қорғалған блок-контейнерлерде орналасқан компрессорлық жабдықтардан тұрады.
КС-да Тапсырысшының талабына байланысты әркелкі түрдегі газ компрессорлары қолданылады
Пайдалану жағдайлары
Станциялар ГОСТ 15150 сәйкес, минус 40 ˚С–тан 40˚С дейінгі температура диапазонында УХЛ1 қоңыржай-салқын климат жағдайларында пайдалану үшін арналған және атмосфералық жауын-шашыннан қосымша қымтауды талап етпейді.
Станциялар желдеткіш, жылытқыш, жарықтандыру, өрт дабылы жүйелерімен жабдықталған.
Блокты компрессорлық станциялардың артықшылығы:
- әр қилы түрдегі компрессорларды (поршеньді, электр жетегі бар винтті, дизельді қозғалтқышты жетегі бар винтті, турбокомпрессорлар, ауа үрлегіштер, сонымен қатар, сығушы компрессорлар және жоғары қысымды компрессорлар) орнату мүмкіншілігі;
- толық автоматтандырылған және ақпаратты шығару және ДК арқылы станцияны басқару мүмкіндігі – компрессорлық станциямен қатар, қызмет көрсетуші қызметкердің болуын талап етпейді;
- станциялар қауіпсіздік талаптарын, сонымен қатар экологиялық талаптарды ескеріп жасалған;
- станцияның күрделі жөндеуіне, іргетасына және қалқаларына шығын талап етілмейді, мобильді және көліктің кез-келген түрімен (темір жол және автожолдары арқ.) тасымалданады.
Құрамы:
Блок - модулде орналасқан компрессорлық жабдықтар;
көмекші жабдықтар, сонымен қатар, жылуалмасу жабдықтары;
инженерлік жүйелер
ДКС, МКС компрессорлық станциялар толтырылған сауалнама парағына сәйкес дайындалады.