Тел.: +7 (7112) 51-36-88, 50-79-09,
+7 771 014 92 92
E-mail: info@agrs.kz
Блокты қазандық қондырғы БҚҚ жылыту жүйелеріндегі жылутасығыш ретінде пайдаланылатын ыстық суды, тұрғын үй және өндірістік орынжайларды ыстық сумен қамту жүйелеріндегі ыстық суды қыздыру үшін арналған.
Блокты қазандық қондырғы БҚҚ блок ішінде техникалық құрылғылары орналасқан блокты бұйым болып табылады.
БҚҚ түрі− жапсарлас.
БҚҚ ТЖ қоңыржай жылы климатта жасалып, макроклиматты аудандарда ашық ауада пайдаланылады, ГОСТ 15150-69 бойынша, орналасу санаты – 1.
Пайдалану ауданында ауаның минимальды температурасы – минус 25ºС,
максимальды – плюс 45ºС.
РҚНмЕ 2.01.07-85 бойынша, есепті қар жүктемесі 1,2 кПа (120 кгс/м2) II аумақтық аудан талаптарына, ал жел жүктемесі 0,48 кПа (480 кгс/м2) – IV аумақтық аудан талаптарына сәйкес келеді. НПБ-105-03 сәйкес, БҚҚ –ның өрт қауіпсіздік санаты − Г.
БҚҚ –ның отқа төзімділік дәрежесі – IIIа.
Өртке қарсы қабырғаның түрі – 2.
Құрылыс ауданының сейсмикалық қауіпсіздігі−8 баллов.
БҚҚ жылумен қамтудың жабық жүйе жағдайында пайдаланылуы керек. Желілік және толықтырылатын судың сапасы ГОСТ 2874-73- ке сәйкес келеді. Ауыз су.
БҚҚ негізгі техникалық сипаттамасы таблицада келтірілген.
Атауы | Көрсеткіш |
Пайдалы жылу қуаты, кВт | 306 |
Пайдалы әсер коэффициенті, % | 92 |
Қазаннан шығудағы судың максимальды жұмыс температурасы, оС | 90 |
БҚҚ жылыту жүйесіндегі судың есепті температура кестесі, оС | 85÷60 |
Газ шығыны, м3/час | 35,4 |
Жылыту жүйесіндегі судың жұмыс қысымы, МПа (кг/см2), аспайды. | 0,3 (3,0) |
ГВС өнімділігі, кВт | Тапсырыс бойынша |
Атаулымен салыстырғандағы жылу қуатын реттеу диапазоны, % | 60÷100 |
БҚҚ-ы қазандары алдындағы газдың кіру қысымы, кПа | 3 |
Негізгі қуат кернеуі, В | 380 |
Отын | Табиғи газ, сұйытылған газ. |
Түтіндік | Тапсырыс бойынша |
Габариттік өлшемдері (ұзындығы х ені х биіктігі), м: | 7,9 х 2,75 х 3,04 |
Масса, кг, аспайды | 10 000 |