KC ТҮ АБЖ

Системы автоматизированного управления технологическими процессами САУ ТП KC

Тағайындама

Газкөліктік жүйенің компрессорлық цех/компрессорлық станциясы технологиялық үдерісінің автоматтандырылған басқару жүйесін САУ ТП КЦ (КС) негізгі және көмекші технологиялық жабдықтарды, газ көліктік жүйесінің бақылау, қорғау және басқару үшін арналған және КЦ-тың барлық жалпы цехтық технологиялық жабдықты бақылау, басқару және реттеу бойынша барлық қажетті функциялардың орындалуын қамтамасыз етуші аяқталған аппараттық-бағдарламалық кешен болып келеді. Мысалы:

  • газ тазарту қондырғылары (УОГ);
  • ауаны салқындату аппараттары (АВО);
  • отындық, іске қосу және импульсті газ дайындау қондырғылары (УПТПИГ);
  • газ тұжыру торабы;
  • өнеркәсіптік алаң крандарының және компрессорлық станцияның басқа көмекші жабдықтары.

Орындалушы функциялар

Компрессорлық цех/компрессорлық станцияның автоматтандырылған басқару жүйесінің негізгі функциялары

1. Басқару

  • автоматты түрде немесе КЦ-тің технологиялық жабдығын басқарушы оператордың командасы бойынша;
  • максимальды КПД ГТД қол жеткізу үшін ГПА арасындағы жүктемелерді бөлу.

2. Реттеу: 

  • КЦ режимін реттеу (КЦ –тың шығудағы газ қысымы, газ шығыны, сығу дәрежесі, ГПА -дағы ГТД айналымы);
  • КЦ барлық жұмыс режиміндегі технологиялық жабдықтың автоматты қорғанысы;
  • КЦ-қа шығудағы максимальды газ қысымын шекті реттелуі және КЦ-қа кірудегі минимальды газ қысымы;
  • ГПА помпажға қарсы реттеу және қорғау.

3. Ақпараттық: 

  • КЦ-та технологиялық жабдық жағдайының көрінуі;
  • КЦ технологиялық көрсеткіштерін архивтеу;
  • Есеп құжаттарын дайындау;
  • Деңгейі жоғарырақ жүйелермен ақпараттық – режимдік қарым-қатынас.

Газ айдаушы агрегаттарды автоматты басқару жүйелерінің негізгі қызметтері:

1. Басқару

  • Агрегаттың іске қосылуға дайындық жағдайын автоматты түрде бақылау;
  • ГПА технологиялық жабдығын автоматты түрде немесе оператор командасы бойынша басқару;
  • ГПА АБЖ қиын жағдайларда агрегатты автоматты түрде тоқтауы.

2. Реттеу: 

  • ГПА жұмысының барлық режимінде оны автоматты түрде қорғау;
  • Газтурбинді қозғалтқыштардың технологиялық параметрлерін автоматты түрде реттеу;

3. Ақпараттық: 

  • Автоматты немесе режим өңдеу операторының командасы бойынша (жедел резерв, іске қосу, тоқтау, трассаға жүктеу, сақинаға түсіру, айдаушыротордың айналу жиілігі тапсырмасын өзгерту және т.б.);
  • ГПА техника-экономикалық көрсеткіштерінің есебі;
  • ГПА технологиялық жабдықтарының жағдайын көрсету;
  • ГПА технологиялық параметрлерін архивтеу;
  • Есеп беру құжаттамаларын дайындау.

КС ТҮ АБЖ жиынтықтау үшін дүниежүзілік танымал өндірушілердің жабдықтары қолданылады. Атқарушылық қондырғыларды таңдау мақсатында компанияның сайтында ұсынылған Сауалнама парағын толтыруыңызды сұраймыз.

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!