Газ шығынын есептеу пункттері (ГШЕП)

Газ шығынын есептеу пункттері (ГШЕП)

Газ шығынын есептеу пункттерінің тағайындамасы ГШЕП

Газ шығынын есептеу ГОСТ 5542 бойынша табиғи газ шығынын коммерциялық және технологиялық есептеу, газды қоспалардан тазарту, газ параметрлерін (қысым, температура, тапсырысшымен келісім бойынша – газ көрсеткіштері: химиялық құрамы, тығыздығы, ылғал және механикалық қоспалар түзілуі, меншікті жаны жылуы) бақылау үшін арналған.

ГШЕП газ шығынын есептеу пункттерін пайдалану жағдайлары

Газ шығынын есептеу пункттері ГШЕП қоңыржай және қоңыржай-салқын климатты (УХЛ, NF), сонынмен қатар, салқын климатты (ХЛ, F) аудандарда пайдалану үшін арналған. ГШЕП (1,6 МПа дейінгі) қысымды газтаратушы жүйелерде қолданылады.

Газ шығынын есептеу пункттерінің құрамы ГШЕП газ мөлшерін өлшеу құралы берілген газ шығынын және оның өлшеу диапазонын, қысымды, газ температурасының өзгеру диапазонын, көрсеткіштерді түзету қажеттілігін ескере отырып, Техникалық тапсырмаға сәйкес таңдап алынады.

Құрамдастар ретінде турбинді, ротациялық, ультрадыбысты, құйынды есептегіштер қолдануға болады. Газ параметрлерін есептеу қажеттілігі кезінде хроматограф, калориметр орнатылады.

ГШЕП конструкциясында өлшеуші кешенді бүлдірмейтін, осылайша толықтай бұйымның ресурсын көбейтуші сүзгі қарастырылған.

Блок-контейнерде орналасатын есептеу пункті газдануды бақылау жүйесімен өрт-күзет дабылдамасымен, сондай-ақ, өлшенетін параметрлер және қауіп-қатер дабылы туралы бөлінген желілер арналары, телефон желілері GSM және басқалары бойынша диспетчерлер пунктіне алыстан ақпарат беруді қамтамасыз етуші газ шығынын есептеудің технологиялық процесін автоматтандырылған басқару жүйесімен ТҮ АБЖ жабдықталуы мүмкін.

Орындалу нұсқалары:

- шкафта – ШГШЕТ, ГШЕП;
- жақтауда - ГШЕТ.

Шкафты газ шығынын есептеу торабы ГШЕТ ішінде көлемді газ шығынын өлшеуші технологиялық жабдық орналасқан, қымталған металл шкаф болып келеді. Қызмет көрсетуге қолайлы болу үшін шкафтың екі жаққа ашылатын есіктері бар. Жылдың салқын уақытында есептеу торабын қыздыру үшін, шкафтың төменгі бөлігінде қыздырғыш, шкаф ішінде түтіндік орнатылған. Шкафтың ішкі кеңістігін қыздыру түтіндіктің жылуалмасу есебінен қызуынан жүзеге асырылады. Түтіндікте оның үсті қатты қызып кеткен кезде қыздырғышты ажыратып тастайтын температура датчигі орнатылған. Біздің мамандар конфигурация мен құрамдас бөлшектерді, Сіздің техникалық тапсырмаңызға сәйкес, бұйымды жасау таңдауда, әрдайым білікті көмек көрсетуге дайын.

pgb2

Пункты учета расхода газа ПУРГПункты учета расхода газа ПУРГ

Похожая продукция:

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!