Тел.: +7 (7112) 51-36-88, 50-79-09,
+7 771 014 92 92
E-mail: info@agrs.kz
Газ өлшеуші станциялар (ГИС) өлшеуіш құбырлар арқылы өтетін газ шығынын оның сапалық-сандық құрамын және жылушығарғыш қабілетін анықтай отырып, автоматты түрде үздіксіз өлшеу үшін арналған.
Өлшеу әдістері:
Газ шығынын коммерциялық есептеу үшін табиғи газ стандарттық жағдайларға Тапсырысшы таңдаған коллектордың көмегімен келтіріледі : Floboss 107, СуперФлоу, ERZ 2004 және т.б. Абсолюттік және дифференциальды қысым, сондай-ақ газдың температурасы қадағалармен өлшенеді. Газдың сапалы құрамын есепке алу үшін, ГӨС хроматографтар, калориметрлер, көмірсутек және су шығының нүктесі температурасының анализаторларымен жиынтықталады.
Газ өлшеуші станциялар (ГИС) құрамына келесі тораптар, блоктар мен жүйелер кіреді:
Өлшеуші желілер блогы (БИЛ) құрамына енетіндер:
Аспапты блок-бокс
Блок-бокс газ шығынын өлшеуші есептеуіш кешендердің қысым түрлендіргіштерімен бірге, ағынның газ хроматографы, ылғал және көмірсутек бойынша шық нүктесінің анализаторымен құрылады.
Автоматты басқару жүйесі (АБЖ)
АБЖ газ өлшеуші станцияны автоматты бақылау және басқару үшін арналған. ГӨС АБЖ құрастырылымы келесі шкафтардан тұрады: өрт және газ дабылдамасы(F&G), авариялық тоқтау (ESD), технологиялық (SCS), өлшеуіш (Metering), телеметрия (RTU) және басқа көмекші шкафтар мен клеммалар қораптары.
Отындық, іске қосу және импульстік газды дайындау қондырғысы (ОІҚИГДҚ)
Техникалық тапсырмасына сәйкес, ГӨС құрамына кіре алады.
ОІҚИГДҚ газды алдын-ала дайындау үшін (сүзу, есепке алу, кептіру, тұдыру және жұмыстың шама көрсеткіштерін тұрақтандыру) арналған.
ОІҚИГДҚ –ның моноблокты конструкциясы бар және құрамы: ішінде орналасқан блок-контейнер мен технологиялық жабдықтардан тұрады.(тазарту, қыздыру, тұжыру, газ шығынын өлшеу тораптары), размещенное внутри.
Блоктың екі бөлігі бар: технологиялық жабдықтары бар, технологиялық бөлік және гидрат түзілуін болдырмайтын торап және жылутасығышты қыздыру үшін қазандар, автоматтық басқару, электрмен жабдықтау, байланыс, телемеханика, жылыту және желдету жүйелері бар қазандық.
Газ тазарту торабы
Тазарту торабы –газды тиімді тазартуға арналған жабдықтар кешенін құрайды. Кешеннің құрамына газды ылғал мен механикалық қоспалардан 10 мкм. дейін қорғайтын циклондық түрдегі шаңұстағыштар (ПЦТ) кіреді, газ ағынын тазарту дәрежесін 5 мкм.дейін жеткізуге мүмкіндік жасайтын қосымша фильтр-сеператорлар орнатылуы мүмкін.
Газ тазарту торабында конденсатты жинау, сақтау және беру ыдысына конденсатты құйып алу жүйесі қарастырылған. Фильтра-сепаратор мен циконлдық түрдегі шаңұстағыштардың ластануын қысым алмасу қадағалардың көмегімен бақылайды.
Циклондық түрдегі шаңұстағыш (ПЦТ) | Сүзгі-сепаратор (ФС) |
Блокты-жиынтықты электрстанциялар (БЖЭС)
Техникалық тапсырмасына байланысты ГӨС құрамына кіре алады. ГИС
Блокты-жиынтықты электрстанция (БЖЭС) газ поршеньді қозғалтқыштардың немесе газ тәрізді не сұйық отын жанған кездегі микротурбиналардың (газ тәрізді не сұйық отынмен жұмыс жасайтын микротурбина) шығаратын электрэнергиясымен жабдықтауға және стационарлық энегожелілерден қашықта орналасқан және дербес режимде жұмыс жасайтын немесе электр және жылу энергиясының аз ғана қуаты қажет етеуші әр түрлі нысандардың пайдаланылған газдардың энергиясын қадеге жарату арқылы жылу энергиясымен (жылыту, ыстық сумен жабдықтау, кондиционерлеу, тоңазытқыш жабдықтары) қамтамасыз етуге арналған.