Сұйық отынды қазандықтар

Тағайындама

Блокты-модульді сұйық отынды қазандықтар – әр түрлі деңгейдегі нысандарды жылыту және ыстық сумен қамтудың сенімді әрі тиімді көздері. Осы үлгідегі қондырғылар шағын жеке меншіктерде де, қоғамдық бағыттағы ірі ғимараттарда, сонымен қатар, өнеркәсіптік кәсіпорындарда да табысты пайдаланылып келеді. Қазандықтар жұмыс жасау үшін мазут, мұнай, дизель, солярка, пайдаланылған май және сұйық жанар майдың басқа түрлері отын бола алады.

Артықшылығы

  • Үнемділік. Блокты – модульді сұйық отынды қазандықтардың алдыңғы қатарлы технологияларын пайдалану - қондырғылардың жұмысын ұстауға кететін энергетикалық және қаржылық шығындарды азайтуға мүмкіндік береді

  • Функциональдық мүмкіндіктердің молдығы. Шығарылатын сұйық отынды БҚҚ –ның автоматтандырылу мен технологиялық жабдықталуының жоғары деңгейі кез-келген деңгейдегі жылумен жабдықтау жүйесін үздіксіз пайдалануды қамтамасызетуге мүмкіндік береді.

  • Қондырғының қарапайымдылығы. Сұйық отынды қазандықты орналастыру үшін орталық коммуникация тарту және еңбекті көп қажет ететін іргетасты жұмыстар жүргізуді қажет етпейді

  • Жоғары деңгейде автоматтану. Қазандық сырттан басқарылады, яғни қызметкердің үнемі қатысуысыз, арнайы жабдықтар орнату арқылы қол жеткіземіз.

Орындау

«БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС мамандары ҚНжЕ және басқа техникалық стандарттарды, өрт және экологиялық қауіпсіздік нормаларын ескере отырып, сонымен қатар, Тапсырысшының талаптарына сәйкес, сұйық отынды БҚҚ сауатты жобалау жұмыстарын жүзеге асырады. Біздер түрлі конфигурациялы қазандықтар шығарамыз: жылжымалы, стационарлық, шатырлық. БМҚ технологиялық жабдықтармен тұтастыру – нысанның жеке ерекшеліктері негізінде жүргізіледі. Қондырғылар барлық қажетті сынақтардан өтеді және пайдалану орнына толық зауыт жиынтығымен келіп түседі.

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!