Тел.: +7 (7112) 51-36-88, 50-79-09,
+7 771 014 92 92
E-mail: info@agrs.kz
«БатысМұнайГазЖабдықтары»ЖШС қазандық қондырғыларының түтін газдарын ауаға бұруға арналған жоғары сапалы түтіндік құбырлар (бұдан әрі - түтіндіктер) шығарады. Біз отынның әркелкі түрімен жұмыс жасаушы БҚҚ үшін түтіндіктер жобалаймыз, дайындаймыз, жеткіземіз және құрып береміз.
Біздің конструкторлық бөлімнің мамандары түтіндіктерді пайдаланудың әр түрлі кезеңіндегі ықтимал максимальды қуаты, ұлғайуы және температуралық жүктемесі кезіндегі оның жұмысын ескере отырып, әр қазандық үшін жеке жобалайды.
Алдын-ала технико-экономикалық есептеулер негізінде болаттың және конструкция жабынының ұтымды түріне таңдай жасайды. Құрылыс ауданының климаттық жағдайын, жағылатын отынның түріне және басқа бірқатар факторларға байланысты, габариттері, шығар ауызының диаметрі және құрылыстың басқа да құрылымдық ерекшеліктері айқындалады.
«БатысМұнайГазЖабдықтары»ЖШС-нің жоғары білікті мамандары жүзеге асыратын өндірістің жоғары стандарты мен сауатты монтаждау жұмыстары кез-келген үлгідегі қазандық қондырғылары түтіндіктері жұмысының тиімділілін, ұзақтықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.