Блокты-жиынтықты электр станция (БКЭС)

Блокты-жиынтықты электр станция (БКЭС)

Блокты-жиынтықты электрстанциялардың тағайындамасы БКЭС

Блокты-жиынтықты электрстанциялар (БКЭС) пгаз-поршеньді қозғалтқыштар немесе газ тәрізді немесе сұйық отын жанған кезде микротурбиналардан (газ тәрізді немесе сұйық отынмен жұмыс жасайтын микротурбина болған жағдайда) шығарылатын электр энергиясымен қамту үшін және стационарлық энергия желілерінен алыста орналасқан немесе дербес режимде жұмыс жасайтын немесе электр және жылу энергиясының аз қуатын талап ететін әр түрлі нысандардың пайдаланылған газдарын қадеге жарату есебінен жылу энергиясымен (жылыту, ыстық сумен қамту, кондиционерлеу, мұздатқыш жабдығы) қамтамасыз ету үшін арналған.

Блокты-жиынтықты электрстанцияларды (БКЭС) қолдану саласы

  • өндіруші және қайта өңдеуші мұнай-газ кәсіпшілігінде оларды электрмен жабдықтау және жылумен қамтамасыз ету үшін орнату;
  • магистральды және кәсіпшілік мұнай - және газқұбырларында және олардың бұрмаларындағы ЭТЖ жоқ жерлерде басқару және мониторинг, электрхимиялық қорғау және т.б. электр энериясымен қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар, бақылау және басқару пункттерін жылумен қамтамасыз ету үшін орнату;
  • кәсіпорындарды және қондырғыларды, вахталық кенттерді, кішігірім елді мекендерді, жекелеген ғимараттар мен тұрғын үйлерді қамтамасыз ету үшін дәстүрлі энергетикалық қуат көздерінен алыс жерлерге орнату;
  • қалалық және кенттік жағдайларда стационарлық энергия желілері болған жағдайда, жекелеген өндірістік нысандарды, қоғамдық және тұрғын үй ғимараттары тобын, спорттық-сауықтыру, оқу орындарын, ауруханаларды, жеке ғимараттарды электр және жылумен жабдықтау үшін орнату.

БКЭС мына жағдайларда қолданылуы мүмкін:

  • дербес режимдегі электр-және жылу энергиясының негізгі қуат көздерінде;
  • бірыңғай басқару жүйесі бар, бірнеше БКЭС кластерлерінен құрылған бөлек желіде;
  • біріктірілген басқару жүйесі бар, стационарлық энергожелілермен параллель жұмыс жасаушы қуат көздерінде.

БКЭС және олардың басқару жүйесінің жұмыс уақыты кезінде архивтік мәліметтерді шамалары, технологиялық қателіктері авариялар, атқарылған жұмыс уақыты және басқа бойынша қалыптастырады.

БКЭС құрамына кіреді:

  • БКЭС құрамына байланысты функциональдық бөліктерге бөлінген қажетті инженерлік желілері бар блок-контейнер (контейнерлер);
  • құрамына күштік шкафтар, басқару шкафы, телемеханика және байланыс аппаратурасы, сонымен қатар, ЭХЗ (тапсырыс болса) жабдықтары кіретін аппаратты және басқару шкафы;
  • энергияның негізгі қуат көздері бар технологиялық бөлік;
  • энергияның резервті қуат көздері бар технологиялық бөлік (резервтеу қажет болған кезде).

БКЭС жұмысын қамтамасыз етуші негізгі жүйелер:

  • басқару және бақылау жүйесі;
  • телемеханика және байланыс жүйесі;
  • жұмыс және авариялық жарық беру жүйесі;
  • жылыту жүйесі (когенерация режимін қолдану);
  • кондиционерлеу және желдету жүйесі;
  • күзет және өрт дабылдамасы жүйесі;
  • газдануды бақылау жүйесі;
  • автоматты өрт сөндіру жүйесі (қажет болған кезде).

БКЭС артықшылығы:

  • ықшамдық, қосымша шығынсыз, орнату және іске қосу қарапайымдығы (БКЭС толық зауыттық дайындығымен жеткізіледі);
  • пайдалану кезіндегі шығыны аз;
  • жұмысында химиялық құрамы және жылу шығару қабілеті бойынша газ тәрізді отынның мол түрі;
  • жұмысына сенімділік - жоғары, моторесурсы - бай, сервис аралық кезеңі - ұзақ;
  • электрэнергиясы мен жылудың бірлескен өндірісі - когенерация;
  • сенімді дербес электр- және жылумен қамту;
  • стационарлық энергия желілерімен параллель жұмыс жасау мүмкіндігі;
  • бірыңғай басқару жүйесімен қажетті қуаттағы кластерлерді құру мүмкіндігі;
  • автоматтандыру деңгейі жоғары, шынай уақытта алыстан басқарылумен телемеханиканың жоғарғы жүйесін біріктіру мүмкіншілігі;
  • орталықтандырылған желілердің электр – және жылу энергиясына үнемі өсіп отыратын тарифтерден тәуелсіздігі;
  • экологиялық жақсы сипаттамалар: зиянды заттектердің шығарындылары ауаға аз шығу.
  • шу мен діріл деңгейі төмен

ГОСТ 15150-69 бойынша пайдалану шарты:

  • У1 орындау үшін минус 40 -тан плюс 50 С дейін;
  • ХЛ1 орындау үшін минус 60 -тан плюс 45 С дейін.

Блокты-жиынтықты электрстанциялар (БКЭС) шаң мен ылғалдан қорғану дәрежесі IР54 блок-контейнерлерде пайдаланылады. БКЭС-ның автоматты басқару жүйелерінің RS485 телемеханикасының сыртқы жүйесін Modbus RTU мәліметтер алмастыру хаттамасымен қосатын арнасы бар.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА:

Шама Бірл. Өзг. Генераторлар модельдері
    Capstone микротурбиналары Calnetix микротурбиналары
Электр қуаты кВт 30 65 200 100
Электроэнергия бойынша КПД % 26±2 29±2 33±2 30±1
жалпы КПД (жылуды қадеге жарату) % 80-90 66-90 >75
3- фазаның шығуындағы кернеу B 380-480 400/230
Фазадағы токтың максималь күші A 46 100 275-290 200
Отын түрі   Газ/ керосин, дизель отыны Газ/ дизель отыны Газ
Кірудегі жұмыс қысымы бар 0.35-1.05 0.02-1.05 0,034-0,0345
Атаулы жүктеме кезіндегі газ тәрізді отынның шығыны нм3/час 12 23 65 34
Пайдаланылған газдардың максимальды температурасы оС 275 309 280 293
Шығуда О215% болғанда зиянды заттектер шығарындылары   <9 ppmV NOx
<40 ppm V CO
<24ppmV NOx
<25 ppm V CO
10 метр қашықтықтағы шу деңгейі дБ 58 70 65 <62
Генератор білігінің атаулы айналу жылдамдығы об./мин. 96000 60000 68000
Күрделі жөндеуге дейінгі қызмет ету мерзімі час 60000 40000
Белгіленген қызмет ету мерзімі час 180000** 120000**
Генератор өлшемдері ұзындығы мм 1516 1956 3660 310
Генератор массасы Дербес режимде кг 478 758 3180 1860
Желімен параллель   651 1121 3640 2040
Блок-контейнердің өлшемдері микроТЭС& резервсіз. ұзындығы мм 6000 7500 7000

* Құрамында резервтерген (1+1+1) үш КУ YANMAR кластері бар БКЭС үшін
**Дайындаушы фирмалар мағлұмдаған қызмет ету мерзімдері. & КУ YANMAR базасындағы БКЭС - үш КУ кластері үшін; МТ базасындағы БКЭС - резервтеусіз.

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!