Тиекті, ауыстырып қосушы және ажыратушы арматуралар блоктары (БЗА, БПА, БОА)

Тиекті, ауыстырып қосушы және ажыратушы арматуралар блоктары (БЗА, БПА, БОА)

Тиекті арматура блоктарының тағайындамасы

Тиекті (БЗА), ауыстырып қосушы (БПА) және ажыратушы (БОА) арматура блоктары 16 МПа дейінгі жұмыс қысымы бар, жекелеген технологиялық нысандарға таралатын сұйық көмірсутек, химиялық сұйықтық және техникалық судың (бұдан әрі – айдап қотару ортасы) табиғи газын тарату, тазарту және шығынын өлшеу үшін арналған, сонымен қатар, қысым көтерілуінен коллекторлар мен шлейфтерді қорғау үшін, ағын етегі үзілген кездегі екпінді кесу үшін арналған.

Тығын арматураларының блоктарын пайдалану шарттары

Тығын арматураларының блоктары (БЗА, БПА, БОА) қоңыржай (У) және қоңыржай-салқын климатты (УХЛ), сонымен қатар, салқын климатты (ХЛ) макроклиматты аудандарда пайдалану үшін арналған. Блоктардың климаттық орындалуын ГОСТ 15150-69 талаптарына сәйкес, құрылыс ауданына байланысты таңдалады.

Тиекті арматура блоктарының құрамы

Тиекті арматура блоктарының жабдықтары дәнекерленген жақтауға құрастырылған және қымталған орынжайда болады.

Технологиялық блоктың жарылыс қауіпті аумағының класы – В1а.

Технологиялық бөлікке кіретіндер:

  • Құбырлар желісі;
  • Құрғату коллекторы бар, құрғату жүйесі;
  • Құбырлар мен дренаждың тиекті - реттеуші арматурасы;
  • Сүзгілер;
  • Автоматика қадағалары мен жабылдағыштары;
  • Желдету, жылыту және жарық беру жүйелері.

Блоктың технологиялық орынжайында орнатылған электржабдықтары басқару шкафымен (орынжайды жылытқыштар, жарық беру, желдеткіш, қадаға) басқарылады.

Тапсырысшының техникалық тапсырмасына сәйкес, блоктар (БЗА, БПА, БОА) төмендегілерді ескере отырып дайындалады:

  • атаулы жұмыс қысымын;
  • құбырдың өту жолының шартты диаметрінің сипаттамасы;
  • тиекті-реттеуші арматураның саны мен құрамы;
  • шығын өлшеуіш, есептеуіш болуы;
  • шығын өлшеуіштің, есептеуіштің түрі мен маркасы;
  • сүзгілердің болуы;
  • БӨАжА саны мен құрамы;
  • желдету жүйесі;
  • орынжайды қымтау түрі;
  • орынжайдың жылытқышы болуы.

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

Шамалар мен сипаттамалар атауы Мәні
Атаулы қысым, МПа 1,2-ден 16-ға дейін
Келте құбырлардың шартты кіру/шығу өту жолы , мм Тапсырысшының талабы бойынша
Шығулар саны 9-ға дейін
Қоршаған ауа температурасы, 0С - 60...+40
Негізгі қуат кернеуі, В 220
Апаттық қуат кернеуі, В 220
Блоктың габариттік өлшемдері, мм Тасымалдау үшін рұқсат етілген габариттерді ескеріп
Блоктың массасы, кг, аспайды: 15000

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!