СКГ одоризациялау блогының тағайындамасы
СКГ одоризациялау блогы (сұйытылған көмірсутекті газдар) ағуды уақытында табу мақсатында арнайы өзіндік иіс беру үшін құбыр бойымен өтетін СКГ ағынына одорантты мөлшерлеп нормалау үшін арналған.
СКГ одоризациялау блогы СКГ құбырына берілген көрсеткіштеріне сәйкес қажетті мөлшерде одоранттың берілуін қамтамасыз етеді.
Блок технологиялық жабдықтардың жоспарлы тоқтау және тексеру кезеңіндегі регламентті жұмыстарды жүргізе отырып, тұрақты қызмет көрсетілмесе де үзіліссіз режимде жұмыс жасауға есептелген.
Пайдалану жағдайлары
СКГ одоризациялау блогы (БДР ОД СУГ) қоңыржай (У) және қоңыржай-салқын климатты (УХЛ), сондай-ақ салқын климатты (ХЛ) макроклиматты аудандарда пайдалану үшін арналған. ГОСТ 15150-69 талаптарына сәйкес, блоктың климаттық орындалуы құрылыс ауданына байланысты таңдалады.
Бұйымның құрамы
БДР ОД СУГ блок түрінде жасалған. Технологиялық және аппараттық блоктарды жабдықтары дәнекерленген жақтауға құрастырылған және жылы қымталған орынжайда болады.
Блоктың технологиялық бөлігінде келесі негізгі элементтер құрылған:
- Үздіксіз мол мөлшерлеуді жүзеге асыратын сорғы - мөлшерлеуіш (саңылаусыз жасалған мөлшерлеуіш электрсорғылы жарғақты агрегат);
- кіру,шығу және құрғату келте құбырларымен, сақтандырғыш клапанмен, азот беру жүйесімен, деңгей қадағасымен, қысым қадағасымен көзбен қарау манометрімен, мөлшерлеуіш – сорғыны икемдеуге арналған дәлдік ыдысымен (Тапсырысшының талабы бойынша) жабдықталған одорантты сақтау және пайдалануға арналған 1,6 МПа, дейінгі қысым астындағы тұтыну ыдысы;
- көлемі 0,2 м. дейінгі нейтрализаторды сақтау ыдысы;
- одорантты тұтыну ыдысының қабылдау желісіндегі ластану дабылдағышы бар торлы сүзгі;
- мөлшерлеуіш – сорғылардың айдаушы және қабылдаушы желілері құбырының байламы; тапсырысшының талабы бойынша қосылатын қосымша жабдық;
- одорантты СКГ құбырына бүрку мөлшерін басқару үшін арналған сорғының айдау желісіне шығын өлшегіш;
- желдету, жарық беру және жылыту жүйесі;
- техникалық шамалар мен басқару постыларын бақылау үшін БӨАжА аспаптары;
- техникалық орынжайда орнатылған электржабдықтарын басқаруға арналған құрамына басқару шкафы, күштік шкаф, қосымша жабдық кіретін аппаратты блок.
Автоматизация және бақылау көлемі:
- одоранттың енгізілетін мөлшерін бақылау;
- одорант шығынын түзету;
- одорант шығынын автоматты түрде есептеу;
- тұтыну ыдысындағы одорант деңгейін бақылау;
- тұтыну ыдысындағы одорант қорының жоқтығы туралы ақпарат беруді;
- жұмыс режимі бұзылған кездегі авариялық сигналдар беруді;
- мөлшерлегіш – сорғының жұмыс үдерісінің диагностикасы мен басқаруды.
Блок жабдықтарының құрамы мен оның орындалу нұсқаларын Тапсырысшының сауалнама парағына және жобалау тапсырмасына сәйкес анықтайды.
БДР ОД СУГ орындау үлгісі
Ұсынылған сұйық фракцияларға арналған СКГ одоризациялау блогы жарылыс қауіптілі аумақтың арғы жағына орнатылатын екі блоктан тұрады: технологиялық блок (жарылыс қауіпті аумақ класы В-1А) және аппаратты блоктан тұрады (жалпы өнеркәсіптік орындау),
Технологиялық блок құрамына кіретіндер:
- Тұтыну ыдысы, көлемі – 0,3 м3 және жұмыс қысымы – 16 кгс/см2 (1,6МПа), қабылдау, шығу және құрғату келте құбырларымен, азотты беру жүйесімен (келте құбыр, СЕНС электр магнитті клапан, кері клапан) шырақ жүйесіне лақтыратын СППК4Р сақтандырғыш клапанымен, ПМП-062 деңгей қадағасымен, Метран қысым қадағасымен, көзбен шолу манометрімен жабдықталған.
- борт-ваннасы бар бөлек дәнекерленген жақтауда жасалған, құрамында келесі элементтері бар одорантты мөлшерлеу қондырғысы:
- Milton Roy жарғақты мөлшерлеуіш сорғы (1 жұмыс/1 резервті), өнімділігі - 2 л/с және жұмыс қысымы - 25 кгс/см2 (2,5 МПа), көп айналымды орындаушы механизм (реттеу тереңдігі 0-100%) арқылы алыстан басқарылатын тоттанбайтын болаттан жасалған жарғақты ағын бөлігі, кіріктірілген сақтандырғыш клапаны, мөлшерлеу дәлдігі - ±1%; жарғақты жаратын жарылыстан қорғалған қадағасы бар;
- Калибрлі цилиндр, көлемі 1,5 л;
- Құрамы фитингілермен жалғанған ф10х1 құбыры, Мөлшерлегіш – сорғылардың қабылдаушы және айдаушы құбыр байламы, толқуды басушылар, сақтандырғыш клапандар, ағынды алыстан басқаруға арналған, электрмагнитті клапандар, қысым қадағасы, көзбен шолу манометрі, кері клапан және СКГ құбырындағы одоранттың бүріккісін басқаруға арналған айдаушы желідегі шығын өлшегіш;
- одорантты апаттық түсіруші құрғату желісі және жүйені азотпен үрлеу желісі;
- ауаны орынжайдың төменгі аумағынан алып, 8 дүркін ауа алмауды қамтамасыз етуші, әлсін-әлсін қосылып тұратын сорғыш желдеткіш түріндегі желдету жүйесі. Ағын желдету торы арқылы өтеді;
- Блокты электрмен жылыту көзделген.
Аппаратты блок құрамына кіретіндер:
- Басқару шкафы;
- Күштік шкафы;
- дроссельдер;
- желдету торы арқылы желдеткіш;
- электрмен жылыту.