Циклон түріндегі тозаңтұтқыш (ПЦТ)

Циклон түріндегі тозаңтұтқыш (ПЦТ)

Циклонды түрдегі тозаңтұтқыштың тағайындамасы ЦТТ

Циклонды түрдегі тозаңтұтқыш (ЦТТ) табиғи және басқа газдарды құрғақ механикалық қоспалар мен тамшылы сұйықтықтардан таразту үшін арналған. ЦТТ магистральды және технологиялық құбырларға орнатылады..
ЦТТ тірекке орнатылған келтіруші және бұрып кетуші келте құбырлары, эллиптикалық түбі бар, тігінен орналасқан түтік тәрізді келеді. Тіректің негізінде фундаменттің болттары үшін тесіктер қалдырылған.
Циклонды түрдегі тозаңтұтқыш (ЦТТ) ашық ауада пайдаланылады. Тазартылатын табиғи газ кіру келте құбыры арқылы циклонды түрдегі тозаңтұтқышқа түседі. Ішке кіру кезінде қақпақылғышқа соғылады да, нәтижесінде сұйықтық ірі тамшылары қақпақылдың үстіне тамады және конденсатты жинаушы жоғары қуысқа ағып түседі. Қақпақыл кіру келте құбырының бұрышында орналасқан, сондықтан газ ағыны Қақпақыл соғылғаннан кейін түтіктің ішкі бөлігінің шетімен бағыт алады. Қабырғада конденсияланған сұйықтық конденсат жинаушы жоғары қуысына төмен қарай ағып түседі. Деңгейдің жоғарғы шегіне жеткен кезде, конденсат артық қысымымен жалғастық арқылы конденсат жинау ыдысына лақтырылады. Тазартылған газ ара-тұра параллель жұмыс жасап тұрған циклондарға түседі. Циклонға кіру тұсында газ ағынын айналдырып жіберуге болатын, құбырға бұрыштап жапсырылған күректер бар. Ортадан тепкіш күш әсерінен газ механикалық қоспалар мен қалған тамшылы сұйықтықтардан тазартылады.

Тазарту өнімдері корпустың төменгі қуысына жиналады. Жоғарғы шектеулі деңгейге жеткен кезде, сондай-ақ, кран ашылғанда (жиынтық құрамына кірмейді.), тазарту өнімдері конденсатты жинау ыдысына лақтырылады. Тазартылған газ шығу келте құбыры арқылы магистраль құбырына түседі

Параметрлердің атауы мен сипаттамасы Мәні
Жұмыс қысымы, МПа 0,3-10,0
Жұмыс ортасы Механикалық қоспалары мен сұйықтықтары бар (конденсат, метанол, су) табиғи газ
Ортаның жұмыс температурасы, 0С минус 10-плюс 50
Қабырғаның минималь температурасы, 0С минус (60-50)

Тазарту деңгейі, %

5 мкм дейінгі бөлшек
10 мкм дейінгі бөлшек
20 мкм дейінгі бөлшек

 

65-85
85-90
90-99

Өткізу қабілеттілігі, м3 20000.....1000000
Корпус диаметрі, мм 1000...1400
Кіру және шығу келте құбырларының диаметрі, мм 150,200,300,400
Қабырғаның қалыңдығы, мм есептеледі
Конус пішінді циклонды элементтің шартты диаметр, мм есептеледі
Конус пішінді циклонды элементтің саны, дана есептеледі
Климаттық орындалуы У, ХЛ
Ауданның рұқсат етілген сейсмикалық қауіпсіздігі, балл 8
Түтік тобы 1

Похожая продукция:

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!