Электр қазандықтары

Блоктік-модулдік электр қазандығы қажет жабдықтармен жабдықталған блок-модулдерден тұратын қондырғы болып келеді. Отын берудің негізгі көзі, қазандықтың жұмыс жасауын қамтамасыз етуші – электр қуаты. Электр қазандығы тұрғын үйлерді, өнеркәсіптік, қоғамдық және басқа құрылыстарды жылу энергиясымен, ыстық сумен немесе бумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Электр қазандықтарын отынның басқа түрлерін беруді ұйымдастыру мүмкін емес нысандарға орнату ойға қонымды. Жабдық ГЖС және жылытудың резервті көзі ретінде жиі қолданылады.

Артықшылығы

Электр қазандықтарына қызметкердің тұрақты болуы талап етілмей, автоматты режимде үздіксіз жұмыс жасайды, бұл оларды пайдаланудың еңбек және қаржы шығындарын қысқартады.
Қондырғыларды орналастыру үшін отын беру және ілеспе коммуникациялар жүйесінің құрылысына қаражат салу қажет болмайды. Электр қуаты ең қолжетімді энергия көздерінің бірі болып табылғандықтан, қазандыққа қызмет көрсету шығындарын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туғызады.
Бұйымның ықшамдылығы оларды кеңістік шектеулі (үлкен емес орынжайлар, шағын өлшемді учаскелер және басқа тар аумақтар) кездерде орнатуға жағдай туғызады. Бұдан басқа отын сақтау үшін резервуарларға қосымша орын талап етілмейді.
Бұл түрдегі жабдық жоғары экологиялық қауіпсіздігімен ерекшеленеді – оның жұмыс барысында ауаны ластайтын заттектер бөлінбейді.

Жасалуы

«БатысМұнайГазЖабдықтары»ЖШС өндірілетін электр қазандықтары саланың саланың барлық нормативтері мен стандарттарын ескере отырып, жоғары технологиялық алаңдарда дайындалады. Зауыт мамандарының тәжірибесі мен кәсібилігінің және өндірістік мол мүмкіндіктер арқасында, біздер кез келген түрдегі және әр келкі жиынтықтылықтағы сенімді электр қазандықтарын өндіреміз. Қорытынды модификацияны таңдау – Тапсырысшының қойған техникалық талаптарына және кейіннен пайдаланушы нысанның ерекшеліктеріне (климаттық жағдайлары, жылытылатын орынжайдың көлемі және басқалар) байланысты.

Метизы АО «Газаппарат». Мы производим всё, что вам требуется.
Вся продукция изготавливается из высококачественных материалов!