Тел.: +7(7112) 51-36-88, 50-79-09.
E-mail: agrskaz@gmail.com

«БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы жоғары технологиялық газ және мұнай жабдықтарын өндіруші және жеткізіп беруші кәсіпорын.

Компанияның негізі Орал қаласында 2006 жылы қаланды. Өз ісімізді бастағаннан-ақ жаңа өнімдерді шығару және ескілерін жаңғырту жолдарын тұрақты игере отырып, жоспарлы түрде айналымын ұлғайтып отырмыз.
Өз өндірісін үздіксіз жетілдіру, жаңа технологиялар мен инженерлік шешімдерді енгізу – кәсіпорынның келешекте даму жолына түсуіне жағдай туғызды.
Қазіргі таңда бізге еліміздің бірнеше ірі мұнай-газ және құрылыс кәсіпорындарымен сенімді серіктестік қарым – қатынас орнатудың сәті түсті.

Әлемдік танымал өндірушілердің ең соңғы үлгідегі жабдықтарымен жабдықталған зауыттың өнеркәсіптік орынжайларының ауданы 2000 м2 құрайды.
Біздің кәсіпорын мамандары газтасымалдаушы кәсіпорындардың техникалық мамандарының ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, шығарып жатырған жабдықтың желісін тұрақты түрде жетілдіріп тұрумен жұмыстанады.
Жеткізіп берілетін барлық жабдықтар тұрақты түрде, әрі уақытында қауіпсіздік және экология саласындағы мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігіне сертификаттау шаралары мен әр түрлі тексерістерден өтіп тұрады.

 

Біздер алға қойған мақсаттарды орындау үшін өз ісін толықтай ұғынған, әрі аса жауапкершілікпен қолға алатын білікті мамандар тобын құрдық.

«БМГЖ» ұсынатын қызметтер кешені келесі бағыттардан тұрады:

• кез келген күрделі газ кешенін орнату жобаларына техникалық және ұйымдастырушылық қолдау көрсету;
• іске қосу – жөнге келтіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
• технологиялық процесті автоматты басқару жүйесін орнатуды «кілтімен тапсыру» кешенді жұмыстары (жүйені кез-келген ауқымдағы газ желісіне интеграциялауға дейін);
• газ жабдықтарын басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелерімен жұмыс жасау үшін пайдаланушы қызметтің қызметкерлерін оқыту;
• газтехнологиялық жабдықтарға, соның ішінде пайдалану мерзімдерін ұлғайтуға және жабдықтық тұрып қалу мерзімін қысқаруға мүмкіндік беретін қызмет көрсету жүйелеріне сервистік, кепілдік және кепілдік кезеңнен кейін де қызмет көрсету;

 

    

Үздіксіз даму және клиенттің қажеттіліктеріне бейімделу

«Нефтегазоборудование» зауытымен (Саратов қ.) арадағы тиімді инженерлік - техникалық серіктестік нәтижесінде өндірісіміздің дамуы қарқын ала түсуде. Компанияларымыздың бірлескен іс – қимылының арқасында Қазақстанды газдандыру жобасына маңызды үлес қосу және республикамыздың бірқатар газ тұтынушы стратегиялық нысандарының жұмысқа қосу сәтіне ие болды. 2017 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен, қуаттылығы 100 000 нм3/сағ. «Талдықорган» АГТС-сы іске қосылды. Біздің мамандарымыз дайындаған бұл жабдықты іске қосу - үш қаланың және Алматы облысының 6 ауданының тұрғындарын, яғни, 410 мыңнан астам адамды көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік берді.

     2

 

Біздің кәсіпорын - бұл күнде Республикадағы қуаттылығы әр түрлі автоматты газ таратушы станциялардың (АГТС) жалғыз ғана өндірушісі.

«Нефтегазоборудование зауыты» ЖШҚ-мен серіктес болу өзіміздің өндірістік базамызды жеделдете ұлғайтуға жағдай жасалды. Кәсіпорынның 11 жылғы жұмысы ішінде Қазақстан бойынша 100 – ден аса нысан пайдалануға берілді, солардың ішінде шалғайда орналасқан елді мекендер де бар. Қазіргі уақытта біздің жабдықтар бүкіл елге: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Алматы облыстарына пайдалануға енгізілді.

Бүгінгі таңда «БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы сала көшбасшысы

«БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС дамуы жылдары кезінде өзін жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті сенімді өнім шығарушы ретінде көрсете білді. Кәсіпорын мұнайгаз жабдықтарының бүкілресейлік және халықаралық көрмелеріне, аймақтық, сонымен қатар, федеральдық инвестициялық және өнеркәсіптік бизнес - форумдарға: «KIOGE», «WESTKAZINVEST – 2016», «Ұлы дала елі» тұрақты түрде қатысып тұрады Біздің кәсіпорын Орал қ. өткізілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау - көрмесінде «Өндірістік үздік тауарлар» номинациясынан 1 орын алды. Компанияның «Самұрық - Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ тобының отандық тауарөндірушілер тізіліміне енгізілгенін де атап айту маңызды.

Республикамыздың аса ірі және өте ықпалды бизнес-рейтингінде көшбасшы болу – компанияның Қазақстан экономикасына елеулі үлес қосқанын және өз саласында клиенттері, серіктестері және бәсекелестері алдында беделге ие болғанын растайды.

 

   

 

Әлеуметтік саясат – кәсіпорын іс-әрекетінің ажырамас бөлігі

«БатысМұнайГазЖабдықтары» ЖШС-нің даму стратегиясы пайда табуды ғана көздеп қоймайды, қоғамдық бастамалар мен мемлекеттік жобаларға қолдау көрсетеді. Компания басшылығы балалар үйіне, білім және оқу мекемелеріне қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық акцияларын тұрақты өткізіп тұрады, балаларды спортпен және көркем шығармашылықпен айналысуға тарту шараларын ұйымдастырады.

Біздер жас ұрпақтың дарыны мен қабілетінің дамуына қолдау жасай отырып, біздің кәсіпорынның ғана емес, бүкіл Қазақстан Республикасының сенімді, әрі жарқын болашағын қалыптастырамыз.

 

 blago1 

 

Әлемдік деңгейдегі серіктестер

Біздер өзара іскери қызметтестік жолын кеңейтуді көздейміз және әрқашан серіктес болуға дайынбыз!
Біз саланың ірі компанияларымен бірлесе тиімді қызмет жасап келеміз, олардың пайдалы тәжірибелерін қабылдап, кейін өзіміздің іс-әрекетімізді жетілдіруге пайдаланамыз. Осылайша, жабдықтар сапасының жоғары деңгейі және шарттардың барлық жағдайларының сақталуы «Карачаганак Петролиум Оперейтинг B.V.» ЖАҚ мен «НГСК КазСтройСервис» АҚ тапсырысшыларының оң бағасын алды. Бұл бізге «Қазақстан – Қытай» газқұбырының құрылысы, «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Қарашығанақ - Орал» халықаралық ірі жобаларына қатысуға мүмкіндік берді. Осы мүмкіндік зауыттың сапалы заманауи жабдықтардың сенімді жеткізіп берушісі ретінде беделі көтерілуіне және халықаралық нарыққа шығуына жол ашты.

 

  

 

Алдыңғы қатарлы Қытай Ұлттық Мұнай Корпорациясының таңдауы – сенімділік басымдылығы мен өнім сапасының нәтижесі!

Біздің кәсіпорын 2013 жылдан бастап, «China Petroleum Engineering & Construction Corporation» («СPEСС») – «China National Petroleum Corporation» («CNPC») Қытай мұнайгаз компаниясының еншілес ұйымымен табысты еңбек етіп келеді.

Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы орасан зор құбыр желілерінің жобалары «Қазақстан – Қытай» және «Бейнеу - Бозой - Шымкент» газ құбырларының 11 компрессорлық станциясы үшін өнім дайындауға және жеткізіп беруге келісім-шарт жасау – біздің шынайы мақтанышымыз болып табылады, өйткені, қытай компаниялары өз отандық өнімдерінің жабдықтарын пайдаланатыны құпия емес.

 

 

 
Бірқатар тапсырысшылардың, шет ел компанияларының, сенімдеріне ие бола тұрып, біз қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмаймыз және саланың соңғы беталыстарына орай, жаңа жобалармен белсенді түрде айналыса береміз. Алдағы мақсатымыз – өндірістің күш – қуатын арттыру және біздің жабдықтарымыздың жеткізілетін шеңберін кеңейту!